«Қазақстан – қайырымдылық территориясы» жоспары бойынша
іс – шаралар өткізу бойыншы ақпарат
Айналаға қараңыз,
Аппақ бопты даламыз.
Қыста қиын құстарға,
Қиын тағамды табуға.
(И. Беляков)
Қаңтар айынан бастап біздің мектепте «Құстарға көмек» атты акциясы өтуде. Осыған байланысты біздің мектептің оқушыларымен әңгімелесу сәттері өтті :
- «Қыста құстар немен азықтанады»;
- «Құстардың қанаты қалай орналасқан»;
- «Неге қыста құстарды азықтандыру керек».
Балалар құстарды қыста азықтандыру бойынша тұжырымға келді, бұл - табиғатты қорғаудың ең
маңызды және тиімді шарасы. Азық салғыш қыста жүздеген құстардың аман қалуына жәрдем жасайды. Акция барысында мектеп территориясына ілінетін әртүрлі материалдан жасалған құстарға
азық салғыштар жасалды.
Күн сайын балалар құстарға қамқорлықпен қарап, «Құстардың асханасында» кезекшілікте тұрады. Азық салғыштарды тазартып, жем, күнбағыс дәндерін, нан қиқымдарын салады, және торғайларды тұздалған саломен қуантады. Құстарды азықтандыру күн сайын күндізгі серуенде жүзеге асырылады. Жан – жақтан ұшып келген синицалар мен торғайларға мұндай тәсіл өте ұнайды.
Балалар құстарды бақылай отырып байқағанындай, бір жерде, бір уақытта астауларды толықтырса,
құстар тұрақты тамақтану орындарына баруға және сағат дәлдігімен тамақтануға үйреніп кетеді.
Директордың ТІ бойынша орынбасары: Дашаева С.Х.