6 сыныпта «Ц әрпінен кейін И-Ы әріптерінің жазылуы»
тақырыбында өткен ашық сабақ өтті
Ағымдағы жылдың 10 қарашасы Красная поляна орта мектебінің 6 сыныбында «Ц әрпінен кейін И-Ы әріптерінің жазылуы» тақырыбындаорыс тілінен ашық сабақ өтті.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ барысында ойын элементтері қолданылды. Сабақ өте қызықты өтті, балалар сабаққа белсене қатысты. Сынып төрт топқа бөлінді және әр топтың атауы берілді. Сабақ барысында олар келесі тапсырмаларды орындады: сөздерді екі бағанға бөлу, шашылғанмазайканы жинау, жаттығу жұмыстарын орындау, мәтіндегі Ц әрпінен кейінгі И және Ы әріптерін табу, осы сөздерді ережеге сай дұрыс дұрыс жазу.Осылай балалар сөздік қорларын кеңейтіп, өздерінің ойлау қызметін рефлексиялады.
Мұғалім: Л.У.Тепсаева