"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Красная поляна аулының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ
КГУ"Общеобразовательная школа села Красная поляна отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін өзі тану бойынша 5 сыныпта ашық сабағы

20.01.2017

 

                                 Өзін өзі тану бойынша 5 сыныпта ашық сабағы

18 қаңтар күні 5 сыныпта өзін – өзі  пәні бойынша ашық сабағы өтті.

Тақырыбы: адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісім.

Құндылығы: зомбылық емес

Сапасы: толеранттық, құрмет, достастық, теңдік, шыдамдылық.

Сабақ мақсаты: «бейбітшілік», «келісім», «толеранттық», «достастық», «шыдамдылық» мағыналары арқылы оқушылардың зомбылық еместік туралы құндылықтарын кеңейту мен тереңдету.

Міндеті:

-        «ниетті адам» мағынасын ашу,

-         айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды дамыту,

-         ұлтына, салт-дәстүріне, көзқарастарына, нәсіліне қарамастан бір-бірімізді құрмет тұту сезімін тәрбиелеу

Осы тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады. Өйткені әр бір адам дұрыс ұрпақты тәрбиелеуі тиіс. Аталмыш форма арқылы балалардың шығармашылық қасиеттері ашылып, олар бір-біріне деген қатынасты жақындатты.

Алға қойған мақсатқа жету үшін мен сабақта «Қызықты құлыншақ» атты бейне материалды қолдандым, тақырыпқа байланысты мақалдарды шештік, шығармашылық тапсырма берілді, «Мейірімділік жолымен» әні шырқалып,

балалар барлығын ойдағыдай іске асырды. Оқушылар бір-бірінің жақсылықтарын асырып, жамандықтарын жасыруға арналған бағдарлама бойынша үйретілді. Тапсырма барысында екі түрлі форма қолданылды: жекелей және топпен.   

Тәсілдер: сөзбен, көрнекіліктерді қолдану, тәжірибиелік, рефлексия. Осы тәсілдер арқылы балалар өздерінің жақсы қасиеттерін көрсете білді. Сабақта компьютерлік құралдар қолданылып, өмірден мысалдар келтірілді.

Оқушылар тапсырмаларды өте мұқият тыңдап, ойдағыдай орындады.

Сабақтың мақсаты орындалды деп санаймын, балалар белсенділік танытып, барлық сұрақтарға жауап берді.

 

 

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Магамадова З.Э.

 

        

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст