Алғыс күнін өткізу туралы есеп.
Мемлекеттік мереке Алғыс күнін мерекелеуге байланысты Красная поляна орта мектебінде іс –
шаралар жоспарланды. 1-11 сыныптарда 28 ақпан «Қайырымдылықтың шегі жоқ» атты атаумен жалпы біздің еліміз, Отанымыздың астанасы Астана қаласы туралы видеофильм, слайд көрсетілімдерімен сынып сағаттары өтті. ҚР халықтары Ассамблеясының құрылу мақсатын сөз қыла отырып, осы мемлекеттік іс – шараға байланысты өз ойларын ортаға салды.
10-11 сынып оқушылары «Халықтар достығы» атты салтанатты сап түзеуге белсенді қатысты, онда оқушылар
Тәуелсіздіктің бір жылдығы қарсаңында 1992 жылы Қазақстан халықтарының форумында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы пікірі жарияланғандығын естіді. 2008 жылдың 20 қазаны еліміздің Президенті әлемде теңдесі жоқ «Қазақстан халықтарының Ассамблеясытуралы» Заңына қол қойды. Сап түзеу 1 наурыз күні Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Сап түзеуді жүргізушілер өз сөздерінде біздің еліміздің барлық ұлттарын ұйымдастыру бірегейлігін атап өтті. Балалардың дамуы үшін
жағдай жасау, ұлтаралық қарым-қатынас пен достық, шығармашылық пен біліммен алмасу туралы Қазақстан елі балаларының үлкендерге деген тілектері оқылды. 5 сынып оқушыларының бірлік, тұрақтылық пен келісім
туралы өлеңдері тыңдалды.
1 наурыз – «Қайырымдылық керуені» атты акциясы өтті. Балалар еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып,
зейнеткерлерге көмек көрсетті. Балалар мейірімділік туралы ән орындап, өлеңдер
оқыды.
Алғыс күнін мерекелеу соңында - 2 наурыз қонақжайлылық күні мен «Ұлт ұлысқа ортақ үй - Қазақстан» атты ашық есік күнін өткізді. Балалар бір – біріне тәттілер мен пісірмелер беріп, қонақжайлылық көрсетті. Бір – біріне біздің мемлекетімізге бейбітшілік пен гүлденуді тіледі.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі: Л.У.Тепсаева